МТРА жаңалықтары

Қарашаның екінші бейсенбісі дүниежүзілік сапа күні

Қараша айының екінші жексенбісі – «Дүниежүзілік сапа күні». Бұл күні елімізде 1989 жылдан бастап аталып өтіледі. Биыл ол қарашаның 13-ші жұлдызына тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы датаға орай техникалық реттеу мен метрология комитенің облыстық департаментінің мұрындық болуымен арнайы жиын ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Вастлий Чепухин – ҚР ИЖМ Техникалық реттеу мене метрология Комитетінің СҚО бойынша департамент жектекшісі.

-Дүниежүзілік сапа күні алғаш рет 1989 жылы, қарашаның тоғызыншы жұлдызында аталып өтілді. Жалпы бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен қолға алынған болатын. Мәселен биыл айтулы датаға орайластырылып, осы тақырып төңірегінде 4-ші халықаралық форум өткізіліп жатыр. Бұл көштен бізде шет қалып жатқан жоқпыз.

Жиын барысында сөз алған тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова, бүгінгі күні кез- келген тауардың қауіпсіздігіне баса назар аударылатындығын жеткізді. Жалпы жыл басынан бері Республикада халықтың жаппай уланудың 18 фактісі тіркелсе, мұндай олқылықтың теріскейде бірде- біреуі орын алмаған екен.

Татьяна Горлова – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

-Департаментіміз тұрғындардың құқықтарын қорғауға бағытталғандықтан, барлық кәсіпорындарға арнайы мороторий жүргізіп тұрамыз. Бізде бұл тұрғыда қауырт желі жұмыс істейді. Биылдың өзінде азаматтар тарапынан 64 қоңырау келіп түсті. Олардан түскен өтініштер түрлі салаларға қатысты болды.

Сапа ел экономикасындағы басты мәселелердің бірі болғандықтан, жыл сайын кәсіпорындар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Биыл Қызылжар өңірінен 30 -кәсіпорын “Алтын сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” байқауына қатыспақ.

Василий Чепухин – ҚР ИЖМ Техникалық реттеу мене метрология Комитетінің СҚО бойынша департамент жектекшісі.

-Индустрияландыру күніне орай республикада Елбасының жүлдесіне «Алтын сапа» байқауы ұйымдастырылады. Ол биыл желтоқсан айында өтеді. Нақ осы конкурсқа Солтүстік Қазақстаннан 21 кәсіпорын қатысады. Ал «Қазақстанның үздік тауары» байқауында теріскейден 9 кәсіпорын бақ таластыратын болады.

Жиын соңында облыс орталығында сапалы тауар өндірумен айналысатын 8 кәсіпорын техникалық реттеу мене метрология Комитетінің СҚО бойынша департамент басшысының грамоталарымен марапатталды.

 

 

 

Самат Джакупов.