Қоғам

Петропавлда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүруде

Әлеуметтік маңызды нысанды тұрғызып жатқан бас мердігер “Альфа-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс компаниясының басшысы Андрей Капустиннің сөзіне сенсек, ғимарат желтоқсан айының 20-ы күні тапсырылмақ. Бүгінде пластикалық терезелер орнату, қабырғыларын керамика-мәрмәртаспен қаптау, аумақты темір шарбақтармен қоршау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан кейін құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстары мен асфальт төсеуге кіріседі.

Андрей Капустин – “Альфа-Север” ЖШС директоры.

-Бүгінгі күнге дейін біз барлық атқарылар жұмыстың 80 пайызын еңсердік. Қазір ішкі әрлеумен айналысып жатырмыз. Сондай-ақ жұмысшылар күн суытпай тұрып, аумақ маңына асфальт төсеуде. Кестеден ауытқушылық жоқ. Сондықтан нысанды көрсетілген мерзімде тапсыруға бар күшімізді салып жатырмыз.

Ғимараттың құрылыс жұмыстарына тас қалаушылар, дәнекерлеушілер мен әрлеушілер бригадаларын қосқанда барлығы 250 адам жұмылдырылған. Ғимарат құрылысының басы-ғасында жүргендердің бірі Серік Мұрзабаев.

Серік Мұрзабаев – “Альфа-Север” ЖШС аға прорабы.

-Ауа райы кедергі келтірмесе жақын күндері ғимараттың жан-жағына асфальт төсейміз. Нысанды салуда ешбір кедергі жоқ. Әлеуметтік нысанды жыл соңына дейін тапсырмақпыз.

Келешекте мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратынан бөлек, аумақта техникалық қызмет көрсету орталығы мен көлік жүргізушілерін жаттықтыратын автодром жұмысын жасайтын болады. Жалпы соңғы жылдары еліміздің әр аймақтарында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын салу қарқын алуда.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.