Құқық қорғау органдары

Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын-алу апталығы өтуде

Марлан Таманов – СҚО ІІД жол патрульдік полициясының батальон полицейі.

-Жол тайғақ, сондықтан алдын-алу шараларын өткізіп отырмыз. Жүргізушілердің жылдамдықты арттырмауын қадағалаймыз.

Жол-көлік оқиғасына тап болмас үшін, жол жүру ережесін сақтаған жөн. Ауа райы бұзылып тұрғанда алыс сапарларға шығу да соқпақты болуы мүмкін.

Жол полицейлері тасжолдардадың бойында кезекшілік атқарады. Көлігінің майы қатып жолда қалғандар болса көмек көрсетіп, ереже бұушылырады тәртіпке шақырады.

Сергей Брыксин – Петропавл қаласының ІІБ әкімшілік бөлімінің полиция инспекторы.

-Жолдар көк тайғаққа қарсы материалдармен өңделуде , сонымен қатар жүргізушілерге де жолдағы көлік қозғалсына назар аударуға кеңес береміз.

 

16 қараша, «Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы»республикалық акциясы қорытындыланады. Осыған орай жергілікті тәртіп сақшылары «Есіңде сақта және ойлан» атты іс-шара өткізуді жоспарлауда. Бұл күні Петропавлдың басты көшелерінде жол көлік оқиғасынан зардап шеккен автокөліктерді эвакуатор коллонасымен полиция экипажының жанамалауымен алып өтеді. Шараның мақсаты – жол жүру ережесін сақтауға барлық жүргізушілердің назарын аудару.