Балалар

Өңірде Жайдарманның жартылай финал ойындары өтті

Жалынды жастардың басын қосқан жайдарманға зор дайындықпен келген команданың 4-еуі жергілікті «Шал ақын», «СҚМУ», «ПҚЭК», «Мағжан жастары» құрамалары. Ал өзге екеуі Рудный және Астанадан келген қонақ командалар. Бүгін жартылай финал. Шешуші ойын. Жақсы өнер көрсетіп, көрерменге күлкі силай алды деген 4 команда ғана финалға жолдама алмақ. Командалар қобалжуда. Ал оларға жанкүйердің артар сенімі мол.

Тәжірибелі жастардан құралған командалардың мақсаты финалға өту болса, жақында ғана Астанадан жүлделі оралған №2 мектептің «Нонсенс» командасы мен №20 мектептің «Ғажайып» құрамасы үшін бүгін мектеп лигасының маусымашары.

Ерлік Мұхамеджанов – СҚО жайдарман лигасының директоры.

-Аталмыш ойынға жалпы саны 8 құрама қатысу керек болатын. Бірақ өкінішке орай бір құрама ауданнан келе алма қалды. Енді бір құрама тағыда бір себептермен келе алмай қалды сонымен бүгінгі сайысқа 6 құрама қатысайын деп отыр. Сонымен оларға қоса тағы бір екі құрамамыз бар. Яғни ол мектеп лигасы өз бастауын алды. Сол мектеп лигасында бүгін екі құрама маусым ашар фестивальіне қатысады.

Жайдармандағы теріскейлік ғұмырлы командалардың бірі «Мағжан жастары». Бүгін әдебиет тақырыбын аша алған бірден-бір құрама. Олар көрерменді өзбек әдебиетін пайдала отырып күлкіге кенелтті. Қазылар тарапынан «үй тапсырмасы» бөлімі бойынша біріңғай 5 деген бағаға ие болды. Команда мүшесі Абылайхан Жақсылықтың айтуынша, бұл жолғы ойында олардың құрамында кішігірім өзгеріс бар екен.

Абылайхан Жақсылық – «Мағжан жастары» құрама командасының ойыншысы.

 

-Мағжан жастары жалпы 2011 жылы құрылған болатын. Жалпы ойнап жүргенімізге 4 жылдай болды. Команда да 6 адам болатынбыз. бірақ соңғы кезде Боркилік кжастармен бірге қосылып, яғни “Оян қазақ” командасы болып ойнайын деп жатырмыз. 00:31 Бүгінгі бізге ең бастысы орын емес. Ең бастысы финалға өту болып тұр.

Қазылар алқасының шешімімен финалға Рудныйлық команда «Бессаусақ» және жергілікті «Мағжан жастары», «ПҚЭК», «Шал ақын» құрамалары жолдама алды. Желтоқсан айында өтетін финал ойынында Қызылжар ашық лигасының чемпиондары анықталмақ.