Спорт

Өңір велосипедшілері 2014 жылды қорытындылады

Бахтияр Қожатаев – велоспорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, “Astana Pro Team” құрама командасының мүшесі.

-Өтiп бара жатқан жыл мен үшiн табысты болды. Өз басым жыл бойына барлық жарыстарға қатысып отырдым. Жуырда елордалық “Astana Pro Team” велокомандасымен 2 жылға келісімшартқа отырдым. Ендi жақын күндері Италия елінде өтетін оқу-жаттығуға жол жүрмекпін.

Биылғы жыл жерлес велошабандоздар үшін сәтті аяқталды. Жалпыкомандалық есепте өңiр құрамасы алдыңғы орындардан көрiндi. Сондықтан да жиында велосипедшілерді баптаған жаттықтырушылар да назарсыз қалмай, бірқатары облыс әкімінің құрмет грамтоасымен марапатталды.

Владимир Парахин – велосипед спортынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

-Велошабандоздардың денi республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, елiмiздiң намысын арқалап жүр. Қай жерде болмасын, спортшылар лайықты өнер көрсетуде. Сондықтан да бiздер үшiн 2014 жыл жеңiске толы болды деуге толықтай негiз бар.

Бүгіндері облысымызда велоспортпен 248 спортшы тұрақты түрде шұғылданып келеді. Соның ішінде 22 спортшы еліміздің ұлттық құрамасына енген. Дегенмен де, облысымызда бұл спорт түрі бойынша шешімін күткен мәселелер де баршылық. Қазіргі уақытта велосипед спортымен шұғылданғысы келетін жеткіншектер қатары көп. Алайда олардың барлығына дерлік қажетті велоспедттер саны жеткіліксіз.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.