Қоғам

«Нұрлы жол» – Ел дамуының жаңа саясаты

Нелли Кукушкина – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры.

-Мемлекет басшысы өзінің жолдауын халыққа дер кезінде ұсынды деп ойлаймын. Себебі қазір әлемде қаржы дағдарысы белең алуда. 2007 жылы осындай тұрақсыздық болғанын баршамыз білеміз. Сол кезде Елбасының уақытылы шарасының арқасында тығырықтан шықтық. Президент биыл қайта өңдеу секторына Ұлттық қордан 100 миллиард теңге бөлді. Бұл бизнес саласының өкілдеріне үлкен қолдау болды.

Қолдауды сезінген кәсіпкерлер шаруашылығын ұлғайтса, кейбіреулері ісін енді бастады. Өйткені бизнес саласының өкілдеріне биылдан бастап 6 пайыздық көрсеткішпен 10 жылға жеңілдетілген несие беріуде. Елбасының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнес саласын жандандыру жұмыстары келер жылы да жалғасатын болады.

Нелли Кукушкина – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры.

-Республика бойынша барлығы 430 жоба қаржыландырылса, соның 22-і Солтүстік Қазақстан облысынан. Бұл тұрғыда тек Қызылжар өңіріне 2 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 9 кәсіпкер өз шаруашылығын қайта қаржыландырып, кәсібін ұлғайтты. Елбасы келер жылдан бастап шағын және орта бизнесті дамыту үшін Ұлттық қорған 100 миллиард теңге тағы бөліп отыр. Бұл машина жасау, химиялық және қызмет көрсету салаларына жұмсалатын болады.

Жалпы Елбасының жолдауы елімізді дамудың даңғыл жолына түсіретіні анық. Ал ондағы тапсырмалар мен міндеттерді орындау да баршамыз жұмылған жұдырықтай бірігуіміз қажет.

Самат Қайырденұлы – Тілші.

-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бағыт» атты жолдауы қазір қоғамда қолдау тауып жатыр. Себебі Президент стратегиялық маңызы бар құжатта, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде елдің еңсесін тіктеп, экономиканың өсуіне бағыт- бағдар беретін бірқатар бағдарламаларды қабылдады.

 

 

Самат Джакупов.