МТРА жаңалықтары

«KEGOC» АҚ Петропавлда роуд- шоу өткізді

Бақытжан Жазықбаев- «KEGOС» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

-Акция саны- 25 млн 999 мың 999 акция болды. 1 акция құны- 505 теңге. Ол арқылы қарпайым тұрғындар кәсіпорын девиденттерін алып, басқаруға қатыса алады. Ол үшін брокерлермен жұмыс жасау қажет.

KEGOC еліміздің ең ірі электрожүйелік компаниясы және Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Компания активтердің ауқымды базасын басқарады және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жинақталған табысты тәжирибесі бар.

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары.

-“Халықтық IPO” бағдарламасына қатысуға қаржылық көрсеткіштері жоғары және корпоративтік басқару бойынша ең тиімді болып саналатын кәсіпорындар таңдалды. Сондықтан Кегок сондай компаниялардың бірі. Жалпы тарифтік жүйеде жұмыс істейтін барлық компаниялар табысты болып саналады. Оны уақыттың өзі көрсетіп отыр. «KEGOC» АҚ тұрақты даму жолында. Ол Қазақстанның жалпы экономикасының даму болашағын инвестциялауға қолайлы мүмкіндік жасайды.

«Халықтық IPO » бағдарламасына алғашқы болып «ҚазТрансОйл» компаниясы қатысты. Сол кезде акционерлер саны 34 мыңды құраған болатын. Кезек «KEGOС» АҚ жетті. Қазақ жеріндегі электр желілерін басқаратын алпауыт кәсіпорынның басшылығы, болашақта компанияның акцияларын сатып алушылардың саны көп болатындығына сенімді. Сондықтан кездесу барысында залға жиылған жұртшылықтың сауалдарына толық жауап қайыруға тырысты.

Шараға қатысушылар сондай-ақ ҚР облыстарында акцияларды сатып алу ережелерімен танысты. Жалпы мұндай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі деп жоспарланған.

 

 

Магжан Ахмадина.