Балалар

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Елена Ибрагимова – Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат директорының орынбасары.

-Бүгінгі ұйымдастырылып отырған конференция кезінде біз мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту жайын талқыламақпыз. Өйткені құлағында мүкістігі бар жандар мектеп-интернаттан түлеп ұшқасын, қоғамға сіңісіп кетуі қиынға түседі. Ол аз десеңіз тұрақты жұмыс орнын табу да олар үшін маңызды. Біз осындай жиындарда осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастарымыз.

Ең алдымен, пленарлық отырысқа қатысушылар ерекше мұқтаж балаларды медицина-педагогикалық қолдау, шала еститін балаларға білім мен тәрбие беру жайын сөз етті. Жиында жергілікті мектеп-интернат оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетсек, білім ордасы еліміздің арнайы түзету мектептерінің ішінде білім мен тәлім-тәрбие беруде заманауи оқыту әдістерін қолданып келе жатыр.

Александр Кузурман – Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат директорының тәрбиешісі.

-Мен өзім 1985 жылдан бері есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында қызмет етіп келемін. Бастапқыда мұғалім, кейіннен тәрбиеші болып жұмыс жасадым. Ол кездері білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасының жағдайы мүшкіл еді. Ал қазірде жағдай мүлдем басқа. Біз мектеп-интернат түлектерін тұрақты жұмыспен қамту жолында олармен қазірден бастап жұмыс жүргізудеміз.

Сондай-ақ жиын барысында көршілес Ресей елінің Шадринск қаласынан келген меймандар да өздері жұмыс жасайтын мектеп-интернатта қолданатын әдістерімен бөлісті. Әсіресе, олардың кохлеарлы имплантат дертіне шалдыққан балалармен жұмыс жүргізудегі әдісі – көпке үлгі.

Наталья Вологина – №11 Шадринск мектеп-интернат директорының орынбасары, РФ.

-Біздің мектеп-интернатымызда 18 жасқа дейінгі 117 бала тәлім-тәрбие алуда. Соңғы 4 жылда мекеме ұстаздары мен тәрбиешілері құлағында мүкістігі бар балаларды оңалту тұрғысында жұмыс жасап келеді. Интернаттағы құлағындағы кемістігі бар балаларды арнайы жеке бағдарлама бойынша оқытамыз. Осының арқасында балалар тез жазып-оқуға үйренеді.

Бүгінде есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында құлағында мүкістігі бар 145 бала білім алуда.

 

 

Бакыт Садуакасов.