Қоғам

“Жұмыспен қамту жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасының орындалуы

Мария Токарева.

-Үй барлық керек-жарақтарымен қамтылған. Ыстық және де суық су үйдің ішінде. Бөлмелері де кең. Мамлют қаласында да барлық жағдай жасалған. Мектеп пен балабақшалар да бар.

“Жұмыспен қамту жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013 жылдан бастап Мамлют қаласында бір бөлмелі 7 жер үйдің құрылысы басталған еді. Бұл бағытқа республикалық бюдлжеттен 39,2 млн теңге қаржы жұмсалған. Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бері 4 баспана тұрғындардың игілігіне берілді.

Галина Кузнецова – Мамлют ауданы бойынша жұмыспен қамту орталығының маманы.

-Бұл үйлерді салуға 2013 жылдың қазан айында “Харси” ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Олар енді келер жылы тағы үш үйді халықтың игілігіне тапсырулары қажет. Жалпы баспана орналасқан аумақ 70 шаршы метрді құрайды. Әрбір үйдің бағасы 5 млн теңгеден асады. Мұнда тұрып жатқандар оны бес жыл көлемінде сатып ала алады, ал әзірше ай сайын жалдамақы төлейді.

Сондай-ақ, Мамлют ауданы бойынша иесіз қалған баспаналар да бар. Кейін олар аудандық жұмыспен қамту орталығының балансына өткізілгеннен кейін жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға және белгілі бір шарттар бойынша 29 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Осындай үйлердің 3-уі қолданысқа тапсырылған. Бүгінде жұмыспен қамту орталығының балансында тағы 25 баспана бар.

 

 

Риат Шони.