Қоғам

Өзге ұлт өкілдері арасында тіл байқауы өтті

Евгения Шаляпина, “Дарын” мектеп-лицейінің мұғалімі.

-Мен тіл байқауларына мектеп табалдырығынан бастап қатысып жүрмін. Абай, Мағжан оқуларында жылда жүлделі орындар алып жүрмін.

Колледж студенттері мен мектеп мұғалімдері тіл сайысында 4 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады. Алдымен өздерін таныстырды кейін көркем шығармадан үзінді келтірді.

Тіл байқауына қатысқан үміткерлердің бірі, шараға жауапкершілікпен дайындалса, енді бірі сайысқа ат үсті қараған.

Виктория Халютина, қалалық 42 орта мектебінің мұғалімі.

-Біздің елде мемлекетік тілді үйрету сабағы аптасына 2 рет болады. Сабақта мәтінді оқимы, талдаймыз.

Сайыс соңында жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Берик Касен.