Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір тұрғындары жолдауға қолдау танытуда

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының президенті.

-Әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту қажет. Ең алдымен бұл аппаты жағдайда тұрған мектептерді және үш ауысымдық білім беруді тоқтату деген сөзк. 2017 жылға дейін бұл проблеманы шешу үшін Үкіметке 70 миллирд теңгені осы бағытқа жұмсауды тапсырамын.

Мұндай проблема қазір еліміздің барлық өңірінде бар екені даусыз. Айта кету керек бүгінгі күні Әл-фараби атындағы мектеп-лицейінде 470 оқушы екі ауысымда білім алуда. Ал оларға 43 оқытушы тәлім береді.

Күлімкөз Смаилова – Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің директоры.

-Елбасымыздың Нұрлы жол атты жолдауының негізгі түйіні алысты жақын ету. Әрине ұстаз болған соң мені аса қызықтырғаны осы мектептеріміздің қамы. Елімізде үш ауысымды мектептер болмайды деген үміттемін. Балабақшалардың саны қосылып, толығымен балаларды қамтамасыз ете аламыз. Ұстаздардың елге қызмет етіп жатқаны, шынайы түрде ел адамы болған соң, олардың баспаналы болуға мүмкіндігі артты деп ойлаймын. Шын ниетімізбен зейін қойып тыңдадық, және оны іске асыруға біз дайынбыз.

Елбасы бұл жолдауында жастырдың білім алып, жұмысқа орналасуына, айрықша тоқталды. Себебі жарқын болашақ білімді де білікті жастардың қолында. Сондықтан елдің өркендеуіне кейінгі толқын барынша үлес қосулары қажет. Солтүстік Қазақстан Электр желілерін тарататын компания ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан кәсіпорындың бірі. Бүгінде мұнда 1200- ден астам азамат еңбек етеді. Тұтынушыларға сапалы қызмет түрін көрсету үшін, кәсіпорын жыл сайын өңірдегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастырып келеді. Аталмыш компания өкілдері де Ұлткөшбасшының жолдауына қолдау танытуда.

Александр Резлин – «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бас директоры.

-Елбасы бұл жолғы жолдауында электр энергия инфроқұрылымына баса назар аударды. Бұл ретте біздің электр желілілерін тарату компаниясы бір орында тұрған жоқ. Жылдан -жылға қарқын алып дамып келеміз. Халыққа қызмет көрсету үшін, түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен биылдың өзінде 1000 шақырымнан астам барлық деңгейдегі электр желілері жөнделіп, 15 подстанция қалыпқа келтірілді. 66 кешенді трансформаторды күрделі жөндеуден өткіздік. Сондай-ақ біз қазіргі таңда инвестициялық бағдарламаларды да жүзеге асырып жатырмыз.

«Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты Елбасының жолдауы, негізінен әлемдік қаржы дағдарысы кезінде елдің еңсесін тіктеуге бағытталды. Халықтың әл-ауқатын сақтап қалу үшін, қабылданған бағдарламаны жүзеге асыруда еліміздегі қаржы институттарының атқарар рөлі зор.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.

-Президентіміз айтып кетті, бүкіл дүниежүзілік экономиканың дамуы қазір төмендеді. Соған байланысты біздің экономиканың да қарқыны аздап төмендеп отыр. Мысалы біз 6 пайыз биыл өсеміз деп алдымызға міндет қойған болсақ, 9 ай көрсеткіш 4 пайызды көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз миллиардтаған теңгенің бюджетке түспеуі. Халыққа жаңадан жұмыс орындарының пайда болмауы. Сондықтан осындай жағдай да Президентіміз экономикаға инвестиция құю керек деп Үкіметтің алдына сондай талап қойып отыр.

Жолдау еліміздің дамуына бағыт беретін маңызды құжат. Сондықтан онда қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру барша Қазақстандықтардың ортақ міндеті болып қала бермек.

 

 

Самат Джакупов.