Мәдениет

Өңір өнерпаздары Ресейден жүлделі оралды

Топ репертуарының басым бөлігі гитараның сүйемелдеуімен орындалатын рокк жанырындағы туындылар .

Жас өнерпаздардың осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктері де мол. Осы жолғысы Ресейде өткен балалар мен жасөспірімдердің орындауындағы авторлық өлеңдер халықаралық фестивалі. Байқау жерлестеріміз үшін тыңғылықты дайындықты қажет етті. Себебі жерлес өнерпаздар тек солтүстік өңірінің емес, күллі Қазақстанның атынан барған жалғыз топ.

Аида Туртаева – «Союз-Автор» шығармашылық бірлестігінің көркемдік жетекшісі.

-Байқаудың ұйымдастырушысы Леонид Белинский бізге сайысқа қатысу туралы ұсыныс жасады. Содан кейін барып біз қыздардың таңдауы түскен әнді үнтаспаға жазып, Ресейге іріктеуге жібердік. Олар қабылдап гала- концертке арнайы шақыру жіберді. Республиканың атынан баратын болғандықтан биылғы байқауға дайындықты ерте бастадық.

Татарстан, Белорусь, Украина сынды көптеген елдерден келген 100 ден артық өнерпаз бақ сынаған байқауда үздік атану оңайға түскен жоқ әрине. Деседе, Мәскеу сахнасында әуелеткен әндері қазылар алқасының көңілінен шығып жас дарындар байқау жеңімпазы атанды.

«Саюз автор» бірлестігінің орындауындағы бұл ән Ресейлік композитор Олег Поповтың «Орган» деп аталатын туындысы. Қиын әрі күрделігіне қарамастан қыздардың таңдауы осы композицияға түскен.

Юлия Мазина – “Союз автор” шығармашылық бірлестігінің орындаушы.

-Біз «Органды» орындаймыз деп өзіміз таңдадық. Бірақ ол жақта әннің авторы біздің өнерімізді көруге келетінін білмедік. Ол кісі менің туындымды қыздар қалай орындайды екен деп арнайы көрермен ретінде келіпті. Байқау соңында Олег Попов бізге жоғары бағасын беріп, ән жинағын тарту етті.

Айта кету керек «Союз автор» шығармашылық бірлестігі бұл байқауда өткен жылы да жеңімпаз атанған. Ал биыл сол дәстүрді жалғастырды десек те болады. Байқау қорытындысында ұжым жеңімпаз дипломымен қатар жекелеген алғыс хаттармен марапатталды. Ал жеңімпаздардың алдағы жоспары келер айда Петропавл қаласында жеке концертін беру.


 

Ақбөпе Тәңірберген.