Қоғам

Лаңкестікпен діни экстремизмнің алдын алу шарасы

Татьяна Сарычева – И.П.Шухов атындағы қалалық кітапхананың қызметкері.

-Қазіргі таңда көп елдерде лаңкестік әрекеттер, діни экстремизм мен терроризм қаупі күшеюде. Осы әрекеттерге қарсы шығу үшін, түрлі шараларды қолдану керек. Сондықтанда, біз жыл сайын мектеп оқушылары мен студенттерге арнап, осындай кездесулерді өткізіп отырамыз.

Елімізде 21 діни-бірлестіктерге тыйым салынған. Оның 17-нің басты мақсаты, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау.

Гүлмира Бейсенбина – конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының сарапшысы.

-Тыйым салынған діни-бірлестіктердің қатарына: “такфир жамағат”, “мұсылман бауырлары”, “ата жол” және тағы басқалары жатады. Мәселен, тамыз айының 15-ші жұлдызында “аль тафир хиджра” атты жаңа ұйым жабылған болатын. Ол экстремистік топ болып саналады.

Иван Шухов атындағы қалалық кітапхана ұжымы, бұндай шараларды жиі өткізіп отырады.

 

 

Сагыныш Маркашева.