Өнеркәсіп

Құрылыс материалдарын жасайтын өңірдегі іргелі кәсіпорын

Бақыт Сәдуақасов – тілші.

-Бұл – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сэндвич-панельдер жасайтын арнайы цехы. Мұнда шамамен алғанда күніне 25 шақты “сэндвич-панель” жасап шығарылады. Олардың әрқайсысын жасауға жарты сағаттай уақыт кетеді екен.

Максим Сиренконың осы кәсіпорында еңбек етіп жүргеніне 6 жылдай болған. Алғашында қызметін қатардағы жұмысшыдан бастаған ол қазірде серіктестіктің осы цехына жетекшілік етеді. Оның міндеті – дайын өнімдердің сапасын бақылап, кемшіл тұстары болса, қайта өңдеуге жіберу.

Максим Сиренко – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС цех басшысы.

-Бастапқыда қиыналдым. Өйткені, менің арнайы білімім болған жоқ. Кейін біртіндеп, осы саланы мықтап меңгеріп алдым. Қазір бірнеше жыл жинақтаған тәжірибем бар. Жас мамандарды үйретуге жалықпаймын.

Құрылыс материалдары на­ры­ғындағы сұранысты саралай отырып, зауыт су қысымына шыдас беретін полиэтилен құбырларын, “Монтеррей” және “Каскад” металл жабындыларын, профилен төсенділерін, сэндвич-панельдерін де шығарады. Саннан гөрі сапаға баса мән беретін серіктестіктің өнімдеріне сұраныс та жоғары.

Андрей Титов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директорының орынбасары.

-Елімізде құрылыс индустриясы өркендеп, қанат жайып келеді. Біз өнімдерімізді ішкі нарықпен шектелмей, осы заманғы бәсекеге ыңғайлана отырып алыс-жақын шетелдерге жөнелтуді мақсат етіп отырмыз. Өнімімізді негізінен біздің облыс пен Астана қаласының кәсіпорындары тұтынады. Сондай-ақ ресейліктердің үлесі бар.

Облыс орталығындағы алпауыт өндіріс орны құрылыс материалдары­ның тиімді және экологиялық таза заманауи үлгілерін шығаруда.

 

 

Бахыт Садуакасов.