Қоғам

Қоғам дерті – Сыбайлас жемқорлық

Ақжүніс Мұсырман – «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы.

-28 адамға партиялық жаза берілді. Оларға алдағы уақытта өздерінің ісін түзетіп көрсету үшін, мүмкіндік берілді деп айтуға болады. Ал сегіз адам партиядан шығарылды. Қылмыстық істер қозғалды. Кейбіреулері сотталды. Өздерінің жазаларын алды. Жемқорлыққа байланысты тіпті жұмыстар шығарылды. Ал жұмыстан шығарылған адамдар бұл партияның қатарында қалуға құқығы жоқ.

Ұйымдастырылып отырған семинар-тренигке мемлекеттік қызметшілер, студенттер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың барлығы бұл тұрғыда өз ойларын ортаға салды. Айта кету керек мұндай жиын осыған дейін облыстың төрт бірдей ауданда өткізілген екен.

Ақ-Ләйлек Жаукина – «Әлеуметтік технологиялар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

-Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күні дамыған мемлекеттердің басты індетіне айналып отыр. Онымен күресу баршамыздың ортақ міндетіміз. Сонда ғана мемлекет алға басады. Осыған орай бүгінгі жиынды «the kast hope» үкіметтік емес ұйымы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп өткізіп жатыр. Кейінгі толқын жемқорлықтың арты жақсылыққа апармайтынын түсінуі керек.

Жемқорлық бұл қоғамның ішкі дерті. Алайда індетті бір күнде жою мүмкін емес,- дейді жиынға қатысушылар. Ол үшін сындарлы жұмыс қажет. Еліміздегі жетекші партия бұл шаруаны бірте -бірте үдете бермек.

 

 

Самат Джакупов.