Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы жарыққа шықты

Нұрсұлтан Назарбаев- ҚР Президенті.

-Как известно, прогнозы развития мировой экономики на 2014 и следующие два года пересмотрены Международным валютным фондом и Всемирным банком в сторону понижения. Поэтому нам необходимо оперативно пересмотреть некоторые позиции, а также внести корректировки в планы на предстоящий период. У нас нет времени на раскачку. Те меры, о которых сегодня пойдёт речь, следует реализовать уже с 1 января 2015 года. Мы должны оперативно принять все возможные меры для предотвращения негативных тенденций.Сегодня по моему поручению Правительство уже ведёт активную работу. Мы пересмотрели параметры республиканского бюджета на 2015-й год. И это правильно, так как падение цен на наши экспортные сырьевые ресурсы приводит к снижению поступлений средств в доходную часть бюджета. Но при этом перед Правительством ставится непростая, но конкретная задача – обеспечить все социальные обязательства в полном объёме.

Жолдау еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат болып табылады. Сондықтан оны әрбір қазақстандық тағатсыздана тосады. Мәселен, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Ескендір Елеусізовке аталмыш құжатта дағдарыстан шығу үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінетіндігі көңілінен шыққан.

Ескендір Елеусізов- облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

-Нацфондтан 500 млрд бөлінді. Ол өзекті салалардағы мәселелерді шешуге сеп болмақ.

Елбасы жолдауында айқындаған басты міндеттерді жүзеге асыру, барша қазақстандықтардың ортақ міндеті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бұл істі атқаруға жастарда үлес қосу қажет.

Әсемгүл Есқожа- азаматтық бастамаларды дамыту орталығының жетекшісі.

-Жастардың сана-сезімі жоғары болуы керек. Оларда ел дамуына білек сыбана кірісу қажеті.

Жаңа жолдауда Елбасы білім саласына да айрықша тоқталды. Себебі дамыған мемлекеттер қатарына ену үшін, қазақстандық азаматтардың біліктілігі жоғары болуы шарт.

Елена Коноплева- Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей директоры.

-Бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан, Елбасымыз әлеуметтік салаға, әсіресе білім беруді дамытуға ерекше назар аударған. Айталық, Президент апаттық жағдайдағы мектептерді жөндеу мен 3 аусымдық оқыту жүйесін жоюға 70 млрд теңге бөлуді үкіметке тапсырған. Аталмыш жолдауда балабақшалармен қамту мәселесін де қозғаған. Бұл мақсатқа 20 млрд теңге бөлінбек. Проблеманы жекеменшік секторды тарту арқылы шешуді жүктеген.

Елбасының бұл жолғы жолдауында да барлық салалар мейілінше қамтылды. Президентіміздің үкіметке қойған тапсырмалары оңтайлы жүзеге асса, мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсері сөзсіз.

 

 

Магжан Ахмадина.