Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек өніміділігі жағынан 12 мүшесі сау адамдардан еш кем емес

Валентина Заборовская, “Мүгедектерді оңалтудың өндірістік кәсіпорны” ЖШС директоры.

-Тапсырыссыз отырған кезіміз болған емес. Кейде айына бірнеше тендерді ұтып аламыз. Тиісініше, жұмысымыз да ауқымды. Біз көрпе- жастықтың бәрін отандық шиказаттан пішеміз. Өнімдерімізді өзге тігін фабрикаларына қарағанда тиімді бағамен саудалайды. Мысалы, матрацтың құны 2800 тг ал, көрпе, жастық 1500 мың теңгеден аспайды.

Бүгінде мекеме басшылығы 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Барлығы осы кәсіпорында 10 жылдан артық еңбек еткен. Жалақыларын уақытылы алып тұрады. Лидия Черепашкина 3-ші топтағы мүгедек. Оның көру қабілеті нашар. Азаматша тігін тігу ісімен 44-ші жыл айналысып келеді.

Лидия Черепашкина, “Мүгедектерді оңалтудың өндірістік кәсіпорны” ЖШС тігін шебері.

-Мен осы іспен бала кезімнен бері айналысамын. Арнайы оқуын оқып алдым. Бірнеше мекемеде ісмер болып еңбек еттім. Осы кәсіпорында 10 жыл жұмыс істеймін.

Оған қоса кәсіпорын өз қаражаты есебінен Петропавл қалалық мүгедектер қоғамына мүшелік ететін 600 жарымжанға үнемі қаржылай көмек көрсетіп тұрады.

Сондай-ақ, мұнда 1-ші, 2, 3-ші топтағы мүгедектерге әлеуметтік такси тегін қызмет көрсетеді. Олар үшін арнайы 3 көлік бөлінген. Жолға кететін шығын толығымен ел қаражаты есебінен өтеледі. Мұндағы диспетчерлік бекетке күніне орташа есеппен алғанда 40-тан астам шақырту келіп түседі. Жалпы осы күнге дейін аталған қызмет түріне 8000-ға жуық жарымжан жүгініпті.

 

 

 

Берик Касен.