Қанат Қасенов – СҚО ІІД жедел басқару орталығының аға инспекторы.
-Кезекшілік тәулігінде “102” нөмірінің операторы орта есеппен алғанда 400, жұмыс күндері 80-ге жуық, ал демалыс күндері 100-ден аса құқықбұзушылық туралы хабарларды қабылдайды.
Мәселен өткен демалыс күндердің өзінде облыс орталығында орнатылған бақылау камераларының көмегімен жедел басқару орталығының қызметкерлері 133 құқықбұзушылықты анықтаған. Негізінде мұндай жағдайды кезекші инспекторлар дер кезінде жақын маңдағы жол-патрульдік полиция тобына хабарлайды.
Қанат Қасенов – СҚО ІІД жедел басқару орталығының аға инспекторы.
-Петропавл қаласында 74 бейне-бақылау камералары ораналасқан. Осы камералардың көмегімен жол жүру ережесін бұзған факті бойынша 50 шақты құқық бұзушылықтар тіркелген. Кезекшілікке жедел басқару орталығының 8 қызметкерлері жұмылдырылды. Оның 4-уі бейне-бақылау инспекторлары.
Тәртіп сақшылары 2 күннің ішінде автокөлікті тізгіндеген мас күйінде тізгіндеген жүргізушілерге байланысты 6 хаттама толтырған. Ал, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен – 56, тұраққа қою тәртібін бұзуға қатысты 37 көлік иесіне айыппұл салынды. Сондай-ақ, бақылау камерасы арқылы 12 жаяу жүргіншінің жолда жүру ережесін бұзғандығы анықталған. Жыл басынан жедел басқару орталығы қызметкерлерінің көмегімен Петропавл аумағында 13 жарым мың құқықбұзушылықтың беті ашылыпты.
Сагыныш Маркашева.