Мәдениет

«Шабыт әлемі. Музыка» IV халықаралық жасөспірімдер фестиваль-байқаудан оқушыларымыз жүлделі оралды

«Крейзи флайт» тобындағы оқушылардың жасы бар болғаны 11-12 шамасында. Ойын балаларын біріктіретін бір ғана күш – ол музыкаға деген әуестік. Жақында балғындар Астана қаласында өткен халықаралық байқауға қатысқан. Нәтиже жаман емес.

Валерий Мельник – Шаховское орта мектебінің қосымша білім беру педагогы.

-Апарған екі ансамбль де жүлдеге ие болды. Бірінші және екіншісі орындарды еншілеп қайттық. Бұл балғындардың топ боп құрылғанына көп бола қойған жоқ. Бірақ, олардың музыкаға деген қызығушылығы зор, үнемі ізденіс үстінде. Дайындықты мүлде босатпайды. Бұл жеңістері де сол қажырлы еңбектің арқасы деп білемін.

Антон Ветошкин барабанда ойнайды. Ол бұл музыкалық аспап жаныма жақын оның үстіне ән арқылы ішкі жан дүниеңді ақтаруға болады дейді. Жалпы аталмыш байқауға Қазақстан мен көршілес Ресейден 300-ге жуық адам қатысқан. Әр топтың дайындық деңгейі де жақсы болыпты. Десе де, «Крейзи флайт» тобы 2-ші орынға қол жеткізген.

Антон Ветошкин – барабаншы.

-Әрине, көпшіліктің алдында өнер көрсеткенде қобалжыдым. Бірақ, топ мүшелерінің қолдауын сезініп отырдым.

Ал, мынау – «Спейс киз» тобы. Олар елордада өткен фестивальдің жүлдегері атанған. Бірінші орыннан көріну – балғындар үшін үлкен қуаныш. Олар байқауда өздерінің авторлық әнін орындап, көрермендер ықыласына бөленіпті.

Иван Шмелев – бас-гитарашы.

-Шындығын айтқанда, мықты топтар көп болды. Десе де, біз бар өнерімізді салдық. Көрермендер де бізді жақсы қабылдап, қошеметтерін аямады.

Жеңімпаз атанған топ мүшелері келесі жылдың күз айында Санкт- Петерборда өтетін осы байқаудың ақтық сынына қатысуға шақырту алған екен. Оқушылардың ендігі арманы сол жерде де жақсы нәтиже көрсету. Бірақ оған бару үшін мол қаржы қажет.

 

Магжан Ахмадина.