Құқық қорғау органдары

«Қауіпсіз жол қозғалысының апталығы» атты акция өтуде

Алмас Еркешов- Петропавл қалалық ІІБ жол патрульдік полициясының полицейі.

-Біздің қанымыз жол көлік апаттарында зардап шеккен жандарға көмектеседі деп ойлаймын. Сондықтан барлығын осындай шараға қатысуға шақырамын. Өзім бірінші рет қатысып отырған жоқпын.

Қан тапсырар күннің алдында донор дұрыс тамақтанғаны және көп сұйықтық ішкені өте маңызды. Майлы, тұзды, қуырылған, ащы тағамдарды жемегені дұрыс. Ал қан орталығына келердің алдында міндетті таңғы ас ішу керек, ал дәл шараның алдында донор ыстық шай ішеді. Жалпы орталықта қан тапрсырылмас бұрын, мұндағылар міндетті түрде арнайы тексерістен өтеді.

Роза Жетпісова- облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі.

-Донор анкета толтырады. Онда түрлі сұрақтарға жауап береді. Кейін оның саусағынан қан алынып, қан тобы, резусы анықталады. Содан соң донорды терапевтке жібереді. Ол адамды толық тексереді. Арртериялық қысымы өлшенеді. Тек содан кейін ғана қан тапсыруға рұқсат беріледі.

Сондай- ақ, акция аясында жол сақшылары қала көшелерінде кішіргірім ережелерді бұзған жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырмай, керісінше ережелерді түсіндіріп, арнайы парақшалар таратты.

Аталмыш акция қарашанаың 16-на дейін жалғаспақ.

 

 

 

Магжан Ахмадина.