Қоғам

Жұмысшы кенті мен облыс орталығы арасындағы көпірді жөндеу жұмыстары аяқталды

Иван Булак он жылдан астам уақыт Жұмысшы кентінде тұрады. Осы аудан мен қаланы жалғайтын көпірдің бұрынғы жағдайы оны қатты алаңдататын. Ал ол жөндеуге жабылғалы бері күніне бірнеше рет айналмалы жолмен жүру әрине қиындық тудырушы еді дейді. Енді міне көпір жаңғырту жұмыстарынан соң ашылып, қозғалыс қайта жанданды.

Иван Булак – Жұмысшы кентінің тұрғыны

 

– Көпірді жөндегендері жақсы болды. Бұрынғы жағдайы тіптен қорқынышты болатын. Енді міне тіптен көз қуантады.

Құрылыс мердігері – алматылық «Мостостроительный отряд №25» ЖШС. Көпірді жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Нысанды қалпына келтіруге 566 млн теңге жұмсалған.

Владимир Озеров – «Мостостроительный отряд №25 им. А. Рязанова» ЖШС директорының орынбасары

– Біз жөндеу жұмыстарын жоспарланған 9 ай ішінде аяқтау қажет болатынбыз. Бірақ, біз оны 4-ақ айда тындырдық. Нысанда 50 адам еңбектенді. 55 темір бетонды балка және 120 тонна металды аралықтарды алмастырдық.

Бүгін көпір үстіндегі қозғалыс қайтадан жанданды. Жүйіткіген көлік иелері де, жаяу жүргіншілер де оның ашылғанына қуанышты.

– Бұрын айналып жүретінбіз, таңертең ерте тұру керек болды. Жұмысқа кешігетінбіз. Енді міне бүгін мост ашылып жатыр. Жақсы болды.

– Жақсы болды. Асфальт бәрі жаңа. Жаяу жүргіншілер жүретін жол да ыңғайлы етіп жасалған.Ең бастысы – қауіпсіз.

Айта кету керек, жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған көпір, осыған дейін бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген екен.

Магжан Ахмадина.