Балалар

Облыс әкімінің кубогына халықаралық КВН ойыны өтті

Өмірбек Қайыр – “СҚМУ” командасының ойыншысы, Петропавл қаласы

– Біздің құрамада 5 адам. 1 жұма бойы нығыз дайындалдық. Жан-жақтан дәрежелері жоғары командалар келді. Біз командамызбен жақсы ойын көрсетуге және де жүлделі орын алуға үміттенеміз.

Өңірде КВН фестивалін жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналған. Бұл жолғысында жан-жақтан мықты деген командалар жиналғандықтан қазылар алқасына ең үздігін анықтау қиынға соқты.

Әсемгүл Есқожа – “Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы” ҚБ директоры

– Топтардың дайынждығы өте жоғары деңгейде. Бүгін көре жатармыз қай команданың Облыс әкімінің кубогын алып кететінін.

Ақмола лигасының чемпиондары – көкшетаулық «Васаби» командасы Қызылжарға ат басын бірінші рет бұрып отыр. Команданың сценаристі әрі хореографы Әсет Байжолов көңілділер мен тапқырлар сайысына ұзақ әрі тыңғылықты дайындалдық дейді.

Әсет Байжолов – «Васаби» командасының ойыншысы, Көкшетау қаласы

– Петропавлға бірінші рет келгендіктен, бұл фестивальге де алғаш қатысуымыз. Осыған дейін Көкшетаулық басқа командаларымыз келіп, жүлделі орындардарды бірнеше рет иеленген. Біз сол дәстүрді жалғастырып үздіктер қатарынан көрінеміз деп ойлаймын.

Ойын соңында Башқұртстаннан келген «Уфа» құрама командасы үздік өнер көрсетті деп танылып, бас жүлде – «Облыс әкімінің» кубогін иеленді. Ал, іргеміздегі көршіміз -көкшетаулық «Васаби» құрамасының дайындығы да зая кеткен жоқ. Олар 1-ші орынды қанжығалады. Жиылған жұртты орынды қалжыңдарымен езу тарттыра білген командалар көрермен қошеметіне бөленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды

Акбөпе Тәңірберген