Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы биылғы өнімді қабылдауын жалғастыруда

Кирилл Митронин, “Митронин” ЖШС құрылтайшысы, Қызылжар ауданы

– Ақша уақытында беріледі. Келісім-шартта көрсетілген барлық талаптар сақталынады. Ауа райының қолайсыздығынан биыл өнімді жинап алу оңайға соққан жоқ. Бірақ, мемлекеттің қолдауын сезініп отырмыз. Бұлай дейтінім, 2013 жылы бидайдың 1 тоннасы – 28 мың теңгеге бағаланса, биыл алттын дәннің бағасы 14 мың теңгеге көтеріліп отыр. Және бұрын корпорация 4-5-ші сұрыптағы астықты сатып алмайтын еді.

Биыл 3 сұрыптағы бидайдың 1 тоннасы – 42 мың теңге, 4 класты өнім -35 мың, алтын дәннің 5 сұрыптағысы мен арпаның бір тоннасы 30 мың теңгеден сатып алынуда. Дей тұрғанмен, өңір аграрийлері жиналған өнімді тапсыруға асығар емес.

Рустам Жанатаев – “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ҰК” АҚ СҚО өкілдігінің директоры

– Бұған негізгі себептердің бірі – жуырда Қазақстан фермерлер одағының өкілі БАҚ-рына Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бағаны 47 мың теңге шамасында белгіледі деп сұхбат беруі. Кейін бизнес ассоциациясының өкілінен жазбаша мәлімдеме келіп түсті. Онда олардың берген сұхбатында астықтың бағасынан қателескені жөнінде айтылған. Және баға өзгеріссіз – 42 мың теңге болып қалады делінген.

Өңірде Биылғы жиналған астықты корпорациямен келісім-шарт жасасқан 21 элеватор қабылдауда.

Ахметова Бану.