Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД мұражайының 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

Виталий Трунев – Түмен облысы бойынша ішкі істер басқарамасы мұражай директорының орынбасары

– Мен сіздердің өңірлеріңізге арнайы шақыртумен келдім. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің мұражайы құрылған уақыттан бері құнды жәдігерлерді бойына сақтап келеді. Бұл көрмеде құқық қорғау органының өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігін байқауға болады. Мұражай өскелең ұрпаққа қалған үлкен сый.

Кейін жиналғандар “Мұражай ресурсы – патриоттыққа тәрбиелеу құралы” тақырыбында ғылыми-конференцияға қатысты. Облыстық ішкі істер департаменті мұражайы жәдігерлерге бай. Мұнда құқық қорғау органы құрылғаннан бергі фотосуреттер, салаға еңбегі сіңген ардагерлер жайлы мәліметтер бар. Қылмыспен күресіп, қызмет басында мерт болған қайсар ұлдар жайлы да жәдігерлер сақталған. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, аталған мұражайдың өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор, – деді.

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары

– Ғылым мен білімнің, тарихи құндылықтардың қайнар көзі ретінде өскелең ұрпаққа рухани сананы қалыптастыруда мұражайдың рөлі өте зор. Осындай үлкен еңбекпен жауапкершіліктің арқасында бой көтерген мұражайдың бірі – біздің облысішкі істер департаментінің мұражайы.

Аталған мұражай меңгерушісі Любовь Осинская, бұрындары қолданған қару-жарақ үлгілері мен қылмыскерлерден тәркіленген қаруларды да кездестіруге болады деп отыр. Сондай-ақ мұнда облыс тарихындағы аты шулы қылмыстар туралы да экспозициялар жайғастырылған.

Любовь Осинская – СҚО ІІД мұражай меңгерушісі

– Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер депртаментінің мұражайында қызмет бабында ерекшеленген тәртіп сақшыларын өскелең ұрпақ пен полицейлер үлгі тұтсын деп жеке заттары мен құжаттары, наградаларын жинап, жайғастырдық. Мұнда негізінен жәдігерлер мен құжаттардың түпнұсқасы қойылған.

Орган жанынан 1989 жылы бұл мұражайды ашуға септескен милиция генерал-майоры Михаил Баранов. Бастапқыда көптеген материалдар ішкі істер департаментінің мемлекеттік арнайы мұрағатынан және өңірдегі мұражай қорларынан алыныпты. Бірегей экспонаттарды жинауға полиция ардагерлері де өз үлестерін қосқан. Жалпы 25 жыл ішінде ведомствалық мұражайда 3 мыңнан астам экскурсия ұйымдастырылыпты.

Бакыт Садуакасов.