Мәдениет

Петропавлда Толқын Забированың концерті өтті

Толқын Забирова – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

– Елім, жерім, Отаным деп жүрегі соққан қазақ елі! Бүгінгі мерекелік концертке қош келдіңіздер. Мәңгілік ел деп Елбасымыз айтқандай, әрине ол еі бірінші Отанға деген сүйіспеншілік, көп ұлттық өнер, еліміздің ауызбіршілігімен достығы, біздің еліміздің болашағы деп түсінемін, және мен оған кәміл сенемін.

Өнер десе ішкен асын жерге қояр Қызылжарлықтар әншінің концертіне көптеп жиналды. Олардың арасында жастар мен қатар аға буын өкілдері де болды.

– Толқын Забирова біздің өңірде концерт берсе міндетті түрде барамын деп ойлап жүргем. Осындай мүмкіндік туды. Өте қуаныштымын. Маған оның дауысы , өзі де ұнайды.

– Толқынның концертіне жолдасым екеуіміз келдік. Тэноры жақсы. Дауысы жіңішке де емес, жуан да емес. Қысылмай айтады екен.

Қазақ эстардасында ойып алар орны бар Толқын Забирова, бүгінгі күні музыка академиясында студенттерге сабақ беріп, жас әншілерді дайындайды. Халықаралық ән байқауларында Республика намысын қорғап жүр. Бүгінде әншінің репертуарында түрлі бағыттағы бірнеше ән бар.

Кеш барысында патриоттық әндер көптеп шырқалды. Мұнымен қоса әнші қазақ және шетел сазгерлерінің шығармаларын да орындады. Сондай-ақ бағдарламада барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеяның шығармашылық ұжымдары да өнерлерін көрсетті.

Толқын Забирова – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

– Бүгінгі концерт көрерменнің көңілінен шықты. Ел жылы қарсы алды. Мен оған өте қуаныштымын. Және де менің қасымда осы Петропавл жерінен шыққан жастар өз өнерлерін көрсетті. Өткені бұл көп ұлтты еліміздің бірлігі, бір тұтастығы, достығы. Соны бүгін біз жырладық үлкен сахнада.

Енді әнші Қызылжар тұрғындарын жыл сайын өнерімен тәнті етуді жоспарлап отыр.

Джакупов Самат .