Мәдениет

Петропавлда суретші Сергей Сиденконың жеке көрмесі өтті

Сергей Сиденко – суретші

– Сурет салуға қызығушылығым мектеп жасынан оянды. Алғашқы “Музыкалық плакат” атты көрмемді 1988 жылы өткізген болатынмын. Ол кезде 20 шақты графикалық жұмысты көрмеге қойдым. Әр туындыны орындаған кезде майлы қалам мен қарандашты қолдандым. Әрине, әр суретім сәтті шықты деп айта алмаймын. Себебі портреттік жанрда сурет салу үшін ол адам жайында біраз мәлімет жинауға тура келед.

Өнер иесі 40-тан астам туындысын жұртшылық назарына ұсынып отыр. Суретші көп туындылары тарихи, фантастикалық және атақты тұлғаларға арнап отыр.

– Суретшінің шығармашылығына өз басым тәнтімін. Жұмыстары бірінен бірі асады.

– Портреттерінің әрбірі өзінше ерекше көз тартады. Сергей Сиденконың көрмесін алғаш тамашалауым емес.

Жалпы қылқалам шебері Сергей Сиденконың қолынан шыққан 200-ден астам туынды бар.

 

Бакыт Садуакасов.