Энергетика

«СҚЭТК» АҚ қоғамдық тыңдау өтті

Нелли Бабакехян- ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары

– Ол өзге республикадағы энергия тарату компанияларымен салыстыра отыра, атқарылған жұмысты бағдарлауға көмектеседі. Компаниялардың тиімді жұмысының нәтижесі тарифті есептегенде ескерілетін болады. Қазіргі таңда барлық ЭТК жаңарту жұмыстарын жүргізіп, техникалық экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға жұмыс жасап жатыр.

Ағымдағы жылы кәсіпорын желілерді жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге инвестициялық бағдарлама аясында 1 млрд 50 млн теңге жұмсаған. Бұдан бөлек серіктестік Европалық қайта құру және даму банкімен жұмыс жасауда.

Евгений Политкин- «СКРЭК» АҚ бас директорының міндетін атқарушы

– 2014 жылы біз инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінген қаржыдан бөлек Европалық қайта құру және даму банкінен 10 млн АҚШ доллары көлемінде заим алдық. Соның арқысанда тозығы жеткен желілерде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ал салыстырмалы тәсіл енгізілгендіктен бізде атқарылған жұмыстарды өзгелермен салыстыруға мүмкін болмақ.

Айта кету керек, кәсіпорын тарифі бір жыл көлемінде өзгертілмеген екен. Бүгіндері энергия таратушы компанияның 1 кват энергиясы 3-4 теңгені құрап отыр.

Магжан Ахмадина.