Без категории

«Оғыз хан: аңыз әлде, шындық» атты конференция өтті

Идрис Картал- “Түрік мәдениеті” түркі этномәдени орталығының төрағасы

– Біздің орталық жыл сайын университет студенттері, жастармен түрік халқының батырлары, ұлы адамдары жайлы сөз етіп, осындай кештер ұйымдастырады. Бұл жолы біз Оғыз хан жайлы тың деректермен бөлісіп жатырмыз.

Аңыздарға сенер болсақ, Оғыз хан алып денелі, ержүрек батыр болған. Оның алты баласынан 24 тайпалық бірлестік пайда болған деседі. Конференция қатысушылар осындай ұлы тұлға шын мәнінде өмірде болды ма, әлде, аңыздан туған кейіпкер ме деген сұрақтарға жауап іздеді.

Людмила Гривенная- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушiсi

– Біз бүгін жалпы түркі халықтарының қайдан тарағандығы жайын талқыламақпыз. Бұл ретте әсіресе Оғыз ханға қатысты деректер көп. Солардың көбі аңыз, ендібірі шындық. Жалпы түрлі халықтар пайда болуына қатысты сол кездегі әр тарихшының өзіндік көзқарасы бар. Сондықтан Оғыз хан туралы да түрлі әңгімелер тарап кеткен.

Айта кету керек Оғыз ханның әдебиетке де сіңірген үлесі зор.

Магжан Ахмадина.