МТРА жаңалықтары

Білікті маман – заман талабы

Иван Кендюх – «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалы директорының экономикалық сұрақтар бойынша кеңесшісі.

– Мен мұнда жұмысқа келген жылы штаттағы 800-ден астам қызметкердің тек 2-інде ғана арнайы білімі бар еді. Сол кезден бастап алдымызға білікті кадр даярлау мәселесін қойдық. Осылайша жол картасы бағдарламасы бойынша 45 азаматты Петропавл құрылыс-экономикалық колледжіне оқуға жібердік. Уақыт өте келе Тараз мемлекеттік университетімен де байланысқа шықтық.

Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 27 мамандық иелерін қашықтықтан оқытады. Биылдан бастап бұл технология бойынша «Есіл су» кәсіпорнының тағы 16 қызметкері өз білімдерін жетілдірмек.

Жанат Түленбаев – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қашықтықтан оқыту орталығының директоры.

– Су шаруашылығы саласын жетілдіруге бағытталған мамандарды оқыту ғаламтор арқылы жүргізіледі. Студентке ол өте ыңғайлы. Өйткені ол кез-келген уақытта сабағымен айналыса алады. Оқулықтардың барлығы электронды түрде, Емтиханды да ғаламтор арқылы тапсырады. Орта білімі бар азаматтар үш жарым ал жоғары білім барлар 2 жыл оқиытын болады.

Айта кету керек қазіргі таңда аталмыш кәсіпорнының 8 қызметкері Ресей Федерациясына қарасты Түмен аграрлық университетінің магистратурасында білім алуда. Мұнымен қоса Есіл су филиалы бұл бағытта Болгария елімен де келісім шарт жасасқан.

Джакупов Самат.