МТРА жаңалықтары

Жаңа редакциядағы заң жобасы 2015 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі

Қайсар Әбішев- Петропавл қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы

– 1 қаңтардан бастап егер жол көлік апатында бір кісіге зиян келсе, ол қылмыстық кодексте қаралады. Бұрын ол әкімшілік заңнамада болған. Әкімшілік кодексте қысқартылған тәртіп енгізіледі. Соған сай айыппұлдың мөлшері 50 пайызға қысқартылған.

Қолданыстағы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 44 бабы мен 13 баптың бөлімдері қылмыстық кодекске ауыстырлды. Жаңа жылдан бастап соққы жасау, қасақана адам денсаулығына зардап келтіру сияқты заңбұзушылықтарға барған тұлғалар қатаң жазаланатын болады.

Әлімжан Ерліханов- Петропавл қалалық прокуратурасының бөлімінің бастығы

– Жаңа түсініктер пайда болды. Ол қылмыстық заңбұзушылық. Оның өзі екіге яғни қылмысқа және қылмыстық әрекетке бөлінеді. Олар берілген жазаның қатаңдығымен ерекшеленеді. Егер қылмыстық әркет үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстар сынды жазалар тағайындалса, қылмыс үшін қамауға алу, бостандығын шектеу сынды шаралар қолданылады.

Демек, жаңа кодекстің артықшылығы басым болмақ. Мұны кездесуге жиылған құқық қорғау органдарының өкілдері де аңғарған. Сондықтан жиынға қатысушылар сауалдар жолдап, 1,5 айдан астам уақыттан кейін енгізілетін заңнаманы ерекше қызығушылықпен талқылауда.

Магжан Ахмадина.