Билік

Қар шығаратын техникалар алдағы маусымға сақадай сай

Елена Иващенко – «Комунхоз Петропавл » ЖШС аббаттандыру бөлімінің жетекшісі.

– «Комунхоз Петропавл» серіктестігінің 23 арнайы техникасы алдағы науқанға дайын. Бұл көліктер қысқы уақытта қар шығару жұмыстарымен айналысатын болады. Жыл соңына дейін тағы 10- шақты техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ойымыз жүзеге асса қыс мезгілінде үш ауысымда жұмыс істейтін боламыз.

«Дорожник Ашық аспан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыс орталығында қар шығару жұмыстарымен айналысып жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған. Кәсіпорын биыл екі жаңа техникамен толықты. Қазір олар қысқы маусымға сақадай сай.

Радик Аршакян – «Дорожник Ашық аспан» ЖШС директорының орынбасары.

– Серіктестікте барлығы 60 адам жұмыс істейді. Соның ішінен 40 адам қар шығару жұмыстарымен айналысатын болады. Маңызды науқанға біз 25 техника жұмылдырамыз.

«Фирма Универсал» серіктестігі болса биыл екі техника сатып алған екен. Соның бірі мына «Weideman» атты шағын трактор. Құны 46500 еуро. Германия елінде жасалған.

Николай Шелухин – «Фирма Универсал» ЖШС механизаторы.

– Бір ай уақыт болды, сатып алғанымызға. Көше сыпырады, шөп жинайтын арнайы айыры бар. Жол жегіне бордюрдарды орнатуға да септеседі. Көлемі шағын болғандықтан қыс уақытында тратуарларды тазалауға ыңғайлы.

Бүгінгі күні облыс орталығын ақ ұлпадан тазартатын бес кәспорын бар. Олардың күніне 5 миллион текше метр қар шығаруға қауқарлары жетеді.

Жанабек Тұрсынов – Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы.

–  «Су-808» серіктестігі қар шығару жұмыстарымен айнатысатын басты мердігер. Бұдан бөлек тағы 4 кәсіпорын бар. Биыл олар тағы 16 жаңа техникамен толықты. Жыл сайын машина-трактор паркі жаңартылып келеді. Бүгінгі күні біз алдағы маусымға 100 пайыз дайынбыз.

Техникалардың дайындығымен танысқан өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов кәсіпорындардың жұмысына жоғары бағасын берді.

Джакупов Самат.