Құқық қорғау органдары

Полицейлер оқушыларға арнап экскурсия ұйымдастырды

Оған қоса жасөспірімдердің назарына неміс овчаркасы Круздыңда шеберлігі көрсетілді. Бұл төрт аяқты аса қауіпті қылмыскерді ұстау бойынша ондаған операцияға қатысқан екен.

Тәртіп сақшылары ұйымдастырған мұндай экскурсия оқушылардың көңілінен шықты.

– Маған барлығы ұнады. Бізге иттерді қалай үйрететінін көрсетті.

–  Иттердің қылмескерді ұстағаны көңілімнен шықты. Өте тартымды болды.

– Адамның төрт аяқты досы ең мықты қорғаушылар. Олар иісті тез сезеді.

Күнделікті өмірін қылмыскерлермен күресуде өткізетін полицейлерге оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, көңіл көншітерлік жауаптарын ала алды.

Николай Бойко – СҚО ІІД кинологиялық орталық қызметкері

– Балаларға әрдайым барлығы қызық. Олар біз атқарып жатқан қиын жұмысты алғаш рет көріп, түрлі сұрақтар қояды. Әрине, барлық іс-әрекетті көрсету мүмкін емес. Дегенмен де, қолымыздан келгенін көрсетіп, жіті таныстырдық.

Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларының күзгі демалысы аяқталғанға дейін атты полицияның жұмысымен таныстыруды жоспарлап отыр.

Риат Шони.