Құқық қорғау органдары

Петропавл станциясындағы Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері есірткі тасымалдаған РФ азаматын құрықтады

Думан Омаров – Петропавл станциясындағы Желілік ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары

– Сағат 3-тен 30 минут кеткенде желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Петропавл станциясына Ресейге жол тартқан поезд тоқтаған кезде Қырғызстан елінің тумасын ұстайды. Күдікті гашиш затын 21 түйіншекке орап, арқасына скочпен жабыстырып қойған.

Тәркіленген есірткі затының салмағы – 350 грамм. Күдіктінің айтуынша, ол аса ірі көлемдегі гашишті Жамбыл облысындағы Шу қаласында аты-жөні белгісіз ер адамнан сатып алып, Нефтеюганск қаласына өзім үшін пайдалануға келе жатқанмын деп ақталған. Енді, құрықталған шетелдік заң бойынша тиісті жазасын алады.

Думан Омаров – Петропавл станциясындағы Желілік ішкі істер бөлім бастығының бірінші орынбасары

– Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР қылмыстық кодексінің 250 бабының 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы, жыл басынан бері Петропавл станциясының полицейлері есірткі бизнесіне байланысты 12 қылмыстық істің бетін ашқан. Оның 4-уі – нашаны сақтау, 3-уі – оны сату, ал 5-уі – есірткіні мемлекет шекарасынан заңсыз түрде өткізуге қатысты.

Сагыныш Маркашева.