Билік

Кадрлық ауыс- түйіс

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан Облысының әкімі

– Серікбай Тұралинов мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар азамат. Мен өзім онымен соңғы 6 айда қоян-қолтық жұмыс істедім. Бұл орында да қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қарап, абыроймен атқарады деп сенемін.

Серікбай Тұралинов осыған дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік еткен. Халық қалаулылары ұсынысты бір ауыздан қолдады. Сондацй-ақ тәжірибелі маманның Ақжар ауданының дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Серікбай Қарипов – Ақжар аудандық мәслихатының депутаты

– Біз Сізді көптен бері білеміз, көрші ауданды басқардыңыз. Сіздің тәжірибеңіз мол. Біздің ауданның проблемасын білесіз, сондықтан депутаттар корпусы сізге сенеді. Шешілмеген көп мәселелердің шешімін табады деп сенім білдіреді.

Аудан активімен болған жиында облыс әкімі Ерік Сұлтанов жаңа қызметке кіріскен Серікбай Тұралиновке бірқатар тапсырмалар берді. Ауданда қордаланған әлеуметтік мәселелер көп. Қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдалану жағына да тоқталды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан Облысының әкімі

– Тұрғындардың еңбек ақысын арттыруды, бюджетті әкімшілендіруде нақтылық таныта отыра жаңа жұмыс орындарын ашуды, бөлінген қаржыны дұрыс жарату мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындауды және мал шаруашылығын дамытуды тапсырамын. Жалпы айтқанда халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту қажет. Бұл үшін барлық жағдай бар.

Серікбай Тұралинов өзіне артылған міндетті үлкен жауапкершілікпен атқаруға уәде берді.

Серікбай Тұралинов – Ақжар ауданынң әкімі

– Маған берген тапсырмаларыңызды орындау үшін өзімнің бар білімімді, тәжірибемді, күш-жігерімді жұмсаймын. Аудан халқының тұрмыс тіршілігін жақсартуға, халықтың әл-ауқатын артыру бағытындағы жобаларды жүзеге асырамын.

Магжан Ахмадина.