Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысында көмек айлығының корытындысы шығарылды

Лариса Шереметьева – СҚО еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім жетекшісі

– Айлық күндері түскі астар ұйымдастырылып, қарт адамдар мен мүгедектерге азық-түлік пакеттері сыйға берілді. Ал, қазан айының 1-і мен 12-і аралығында автобуста тегін қатынауға мүмкіндік болды. 63 жанұяға тұрғын үйдің жөндеуіне көмек көрсетіліп, қысқы мерзімге отын жеткізілді

Жастар ұжымының белсенділері, студенттер мен мектеп оқушылары жалғызбасты ардагерлер мен мүгедек жандардың тұрмысына қолғабыс етті. Үйлерін жинап, бірқатар баспаналардағы жөндеу жұмыстарына араласты. Сондай-ақ, қайырымдылық көмекті қалалық және ауылдық еңбек ұжымдары мен бизнесмендер білдірді. Олар “Отау ТВ” жерсеріктік желісі, азық-түлік пакеттерін сыйға тартып, көмір, отын, мал азығымен қамтамасыз етті.

Лариса Шереметьева – СҚО еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім жетекшісі

– Облысымыздың кітапханаларында әдеби-музыкалық кештер өткізілді. Көмек айлығында Абылай хан резиденциясы мен тарихи-өлкетану мұражайын 1000 зейнеткер тегін көріп шықты.

Бүгінгі таңда, облыс бойынша 95 мың зейнеткер мен 29 мың мүгедек тіркелген. 1600 адам интернат үйінде тұрады. Айта кететін болсақ, бұл айлық СҚО-да 15 жыл бойы өткізілуде. Мұндай қолдау шарасы тек бірнеше елде ғана бар екен.

Сагыныш Маркашева.