Құқық қорғау органдары

Оқушылар арасында “стоп қылмыс” жедел алдын-алу акциясы аясында флешмоб өтті

Александр Рязанов – Петропавл қалалық ІІБ ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы

– Қазіргі таңда оқушылар арасында ұсақ құқықбұзушылықтардың саны өршіп барады. Сондықтан да балалар арасында ұсақ заңбұзушылықтарды қазірден бастап алдын алмасақ, ертеңгі күні кеш болып кетеді. Бүгінгі акция барысында біздер балаларға қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін кеңірек түсіндіретін боламыз.

Әсем бимен көңілдерін көтерген мектеп оқушылары кейін тәртіп сақшыларының ұйымдастырған арнайы викторинасына да белсенді қатысты. Онда құқықтық тәртіпке қатысты сауалдарға мүдірмей, нақты жауап беріп, білімдерін көрсеткен оқушыларға, сыйлықтар да табысталды. Акцияда №8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп кешенінің ішінде оқушылар салған суреттердің жеңімпаздары да анықталды. Жастар ұйымдастырылған шарадан үлкен әсер алып, жырғап қалды.

Полицейлер заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мұндай акциялар болашақта да көптеп ұйымдастырылады деп отыр.

Бакыт Садуакасов.