Білім

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нде интерактивті оқыту семинары ұйымдастырылды

Дилбар Бегалина – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан халқы ассамблеясының оқытушысы

– Бұл жиында біздің тіл және әдебиет институтының оқытушылары тілдерді қалай оқыту әдістемесін, сабақта бейнесюжеттерді қолдану жайы мен пайдалануы жайында айтатын боламыз. Оған қоса семинар сабақтарды қалай жүргізуге болатындығын да түсіндіреміз.

Интерактивті оқыту семинары өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған №17 ұлттық өркендеу орта мектеп кешенінің ұстаздары қатысуда. Семинарда балаларға ана тілін оқытудағы ережелер мен жаңашылдықтар айтылды.

Ольга Штро – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы

– Бүгінгі интерактивті оқыту семинарына мен өзімнің әдістемелік кітапшамды әзірлеп әкелдім. Онда күнделікті сабақ беру кезінде оқушының өз ана тілін үйренуіне септесетін көмекші материалдар бар. Бұл әдістемелік құралды өңіріміздегі мектептерде қолданып та жүр.

Жиынға қаламыздағы №17-ші ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқытушылары қатысты. Олар өздерінің оқу әдістемелері жайлы сөз етті.

Марина Тябус – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің білім беру кеңесінің жетекшісі

– Біздің мектеп-кешенінде 200-ден астам оқушы өз ана тілінде білім алып келеді. Барлығы 9 бөлім бар. Онда қазақ, неміс, украин, корей, шешен-ингуш, поляк, татар тағы басқа ұлттардың өкілдері тәлім-тәрбие алуда. Мектебімізде қажетті оқу құралдары да жеткілікті.


Кездесу соңында семинарға жиналған оқытушылар тәжірибе алмасып, өз ойларымен бөлісті.

Бакыт Садуакасов.