Өнеркәсіп

«Молсервис» ЖШС сүт өнімдерін шығара бастағанына 20 жыл

Франциядан жеткізілген мына құрылғы сағатына 4000-нан аса қаптама орауға қауқарлы. Ол сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Яғни сүт қаптамалары мұнда 100 пайыз залалсыздандырылып, жуылып шайылады. Айта кеткен жөн автоматтандырылған техниканы тек бірғана адам басқарады. Қазіргі күні зауытта күніне 10 тоннадан астам сүт өндіріледі. Алғашында шикізат арнайы зертханада тексеріп, сұрыпталады. Содан соң тағамдардың құрамы денсаулыққа пайдалы иод, лактулоза сынды қосындылармен байытылады.

Елена Хуторная – «Молсервис» ЖШС зертхана меңгерушісі.

– Біз негізінен сапаға жұмыс жасаймыз. Зертханада шикізатты толықтай тексерістен өткіземіз. Өйткені жаңа қондырғы бірінші сұрыптағы өнімді ғана қабылдайды.

Жалпы зауыт сүт өнімдерінің 17 түрін шығарады. Жыл сайын қазан айынан ақпанға дейін бұл көрсеткіш 13 – ке қысқарады екен. Себебі бұл уақыта шикізаттың тапшылығы байқалады. Айта кету керек бүгінгі күні кәсіпорын сүттің 50 пайызын жеке фермерлерден сатып алады.

Сергей Чепурко – «Молсервис» ЖШС директоры.

– Жаз уақыттында жұмыс қарқыны алға басады. Ал қыс мезгілінде керісінше өндіріс екі, үш есеге төмендеп кетеді. Бұл мәселені шешу үшін, өңірде сүтті бағыттағы мал шаруашылығын жандандырғанымыз абзал. Өкінішке орай бұл проблема әлі толық шешілмей келеді.

Зауыт өніміндеріне сұраныс бар. Дайын тауар бірден Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарына жөнелтіледі. Қазір кәсіпорында 130 – ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл серіктестіктің сүт өнімдерін шығара бастағанына 20 жыл толмақ.

Сергей Чепурко – «Молсервис» ЖШС директоры.

– Жалпы кәсіпорын 1991 жылы құрылған болатын . Ал алғашқы өніміміз 1994 жылы 15 қарашада шығарыла бастады. Сүт цехы да сол кезде іске қосылды. Содан бастап, өндірісіміз жанданып келеді. Жағдаймыз жақсы. 2011 жылы бизнестің жол картасы -2020 бағдарламасына қатысып, шаруашылығымызды кеңейтіп алдық.

Биылғы жылдың 10 айы ішінде «Молсервис» серіктестігі 4300 тоннадан астам сүтті өңдеп, оны 700 миллион теңгеге саудалапты. Басшылық өндірісті жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі. Жылына кем дегенде 20 миллион теңгенің жаңа техникасы жеткізіледі, кәсіпорынға. Мәселен биыл мұнда мына электр бу генераторы сатып алыныпты.

Джакупов Самат.