МТРА жаңалықтары

Блогерлерге арналған ақпараттық тур өтті

Алмас Тоқабаев- блогер

– Блог ол белгілі тақырыпқа не, біреудің тапсырысы бойынша жазылмайды. Ол көңілдегі түйтікүл ойды жазу. Сенің бір жазған блогың 5 сөз не 5 бет болуы мүмкін.

Жалпы өңірімізге республикаға танылған 10-ға жуық блогер келген. Осындай ақпараттық турлар олар үшін бірнеше облыста ұйымдастырылыпты. Кезек теріскейге де жеткен. Қазақтелеком облыстық телекоммникация дирекциясының мамандары қызмет көрсету бюросындағы құрылғыларды таныстырып, клиенттермен жұмыс істеу үшін жасалған мүмкіндіктерді көрсетуде. Яғни 20 жылда жеткен жетістіктер блогерлер назарына ұсынылды.

Гүлвира Рахимжанова- «Қазақтелеком» АҚ қызметкері

– Блогерлерді қазір барлығы оқиды. Олардың жазған ақпаратын ешкім жіберіп алғысы келмейді. Сондықтан әлеуметтік желіге телміре қарайтын ағайын, көбіне жаңалықты сол жерден алады. Сондықтан біз олар арқылы өз жұмысымызды көрсетуге тырыстық. Олар бізде көрсетілетін қызмет, олардың сапасы жайлы барлық ақпаратты жаза алады. Біздегі мамандардың жұмыс сапасын да бақылап, өз бағасын береді.

Кейінгі жылдары ғаламтор кеңістігінде әлеуметтік желілердің дамуы ерекше қарқын алды. Әсіресе, өз пікірі, ұстанымы бар ағайын фейсбукте, твиттерде өте белсенді. Айта кету керек, жуырда «Қазақстанның блогерлер альянсы» құрылды. Ол да бұл ағымның дамуына жаңа серпін бермек.

 

Магжан Ахмадина.