Қоғам

Жұмысшы кенті тұрғындары қоқыс шығаратын кәсіпорынға 150 мың теңге қарызданып қалған

Серіктестік қызметкері есікті қаққанымен ар жақтан ешкім тіл қатпады. Ал тұрғындар қарызы 10 мың теңгеден асып жығылады. Украинская көшесі бойындағы жеке сектордағы мына бір алаңқай бірнеше жылдан бері тау боп үйілген қоқыстан көз ашпай келеді. 2 ай бұрын ғана «Коммунхоз Петропавл» ЖШС мамандары бұл жерді тап- таза етіп жинап, қалдықтан арылтқан. Бүгінгі кейіпі тағы мынадай мүшкіл күйде. Жеке сектор тұрғындары неге екені белгісіз қалдықты қоқыс жәшігіне емес, дәл осы жерге тастайтын көрінеді. Оның үстіне қала тазалығына жауап беретін кәсіпорындарға қызметі үшін ақша төлеуге де құлықсыз.

– Біз ол жерге қоқысты тастамаймыз. Үйде пешке жағып жібереміз. Мына жердегі үйілген қоқысты анау үй тұрғындары тастайды. Ал далаға тасталған қалдықтар менің аулама келеді. Маған жалпы сіздердің қызметтеріңіз керек емес. Сондықтан арыз жаздым.

Кәсіпорын машиналары қоқыс салатын жәшіктерді үнемі шығарып, тазартып отырады. Десе де монополист кәсіпорынның алдындағы Жұмысшы кенті тұрғындарының қаразы 150 мың теңгеден асып жығылады.

Сауле Айтпаева- «Коммунхоз Петропавл» ЖШС контралері

– Кей тұрғындар келген сайын төлейміз деген құр сөзбен шығарып салады. Енді бірі жұмыссыз отырмыз, сондықтан ақша жоқ дейді. Бірақ кейбірінің қарызы 2-3 жылдап жиылған. Сондағы төлейтін қаржы айына бір адамға 160 теңге. Борышкер аудан тұрғынадырна өзге кәсіпорындар қызмет көрсеткісі келмейді. Сондықтан ол функциялар уақытша бізге жүктелген.

«Коммунхоз Петропавл» ЖШС-нің қала бойынша 13 мыңнан астам абоненті бар. Олардың мекеме алдындағы қарызы 300 мың теңгеге жеткен.

Магжан Ахмадина.