Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары отбасыдағы зорлыққа қарсы акциясын жалғастыруда

Отбасыдағы құқықбұзушылықтар жасырын қылмыстардың бірі болып табылады. Бұған қарамастан тәртіп сақшыларының алдында қиын міндет тұр. Ол осы іспеттес фактілерді дер кезінде анықтап, тоқтату. Жыл басынан бері полицейлер 1371 адамға қорғаныш ұйғарымын шығарған. Оның 95 пайызы ер адамдарға қатысты.

Татьяна Колесникова – Петропавл қаласы ІІБ әйелдерді зорлықтан қорғау бойынша тобының инспекторы

 

– Отбасыда қорланып зорлық көрген әйел Петропавл қаласы ІІБ-на көмекке не болмаса кеңес алуға барғаны дұрыс. Немесе 39-48-81 нөміріне телофонмен хабарласуы қажет.

Тұрмыстық-отбасылық аясындағы құқықбұзушылықтарға қатысты туындаған сұрақтармен солтүстікқазақстандықтар тәртіп сақшыларына 61-26-47 нөміріне телефон арқылы хабарласа алады. Оған қоса жедел желі арқылы “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігіне қоңырау шалуына болады. 52-98-86

Риат Шони.