Спорт

“Мен чемпион” жобасының алғашқы ойындары өтті

Бұл білім ұясында тәлім алатын үш сыныптың құрамалары сынға түсті. Сайыс талаптарына сай қатысушылардың жас ерекшеліктері 12-і мен 14 аралығы. Сол себепті де 7-ші сынып оқушыларынан жасақталған “Радуга”, “Апельсин”, “Комета” атты командалар өзара мықтыны анықтауда. Айта кету керек, 2003 жылы “Мен чемпионның” республикалық кезеңінде Ғ.Мүсірепов атындағы №43-і орта мектептің 4 оқушысы облыс намысын сәтті қорғаған “Ника” командасының құрамында болған.

Елена Юренкова – Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

– “Мен чемпион” спорттық жобасы балалар үшін жақсы ойын. Бұл ойында оқушылар бір-бірінің арасында бақталастық пен татулықты сезінуде. Демалыста жай өткізбей жарыста өткізу өте қызық. Және де салауатты өмір салтын ұстануға септеседі. Бүгін командалар 10 эстафетада сынға түсетін болады.

Сайыстың алғашқы эстафетасы басталысымен көгілдір жейде киген “Радуга” командасы алға суырылып шықты. Түрлі сындардан сүрінбей өтіп, қарсыластарын қапы қалдыруда. Деседе, қалған қос құрамада олардан қалар емес.

Бірінші кезеңді жоғары деңгейде өткізу үшін бұл білім ордасының басшылығы 10 баскетболдық доп пен 2 скейтборд сатып алған. Ал келесі кезеңде мектеп намысын қорғайтын командасы басқа қатысушылардан ерекшелену үшін арнайы “Мен чемпион” деген жазуы бар спорттық киім тіктіруді жоспарлап отыр.

Сергей Сергиенко – қалалық білім бөлімінің әдіскері

– Бүгін облыстың барлық мектептерінде осы ойынның бірінші кезеңі бастау алды. Бұл жобада қаланың 38 мектебі қатысуда. Ал облыс бойынша бірінші кезеңде 2000 адам, екіншіде 500-ге жуық, соңғы турда 36-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

“Мен чемпион” спорттық ойыны қызықты болғанымен, жеңіске жету оңай емес. Жарысқа қатысушы құрамаларды жанкүйерлерде қызу қолдауда.

– Мен “Комета” командасына қолдау көрсетіп отырмын. Олардың жеңіске жететініне сенемін.

– Ал мен “Радугаға” жанкүйер болып отырмын. “Радуга” тек қана алға.

– Мен өзімнің достармы, сыныптастарым “Апельсин” командасына қолдау көрсетіп отырмын. Бүгін олар жеңіске жетеді.

Сайыс қорытындысы бойынша “Радуга” командасы қола жүлдеге, “Комета” құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Ал “Апельсин” жеңімпаз атанды.

Влад Чекунов – “Апельсин” командасының капитаны

– Маған бұл ойын ұнады. Қарсылас командалар осал емес. Алайда құрамдағы достарымның бірлігі арқасында сайыстың жеңімпазы атандық.

Жалпы «Мен чемпион» жобасы 3 кезеңнен тұрады. Ең әуелі мектепішілік жарыстар, содан кейін жеңімпаздар мектеп оқушыларының қысқы демалысында қалалық додада өз бақтарын сынайды. Ал бұл жобаны облыстық кезең қорытындыламақ. Ақтық сын 2015-ші жылы 21-ші наурыз бен 1-і сәуір аралығында өтпек. Онда 13 аудандық пен 3 қалалық құрама кімнің чемпион екенін анықтайтын болады.

Риат Шони.