Денсаулық сақтау

Қалалық балалар емханасы жаңа құрылғылармен толықты

30 жылдық жұмыс өтілі бар Владимир Басов жаңа сандық компьютерлік рентген аппаратының мүмкіндіктері жайлы ерекше қуанышпен айтуда. Кореядан жақында ғана алынған құрылғының арқасында тіпті ағзадағы кішігірім ақауларды көруге болды.

Владимир Басов- қалалық балалар емханасының рентгенолог- дәрігері

– Мынау «Эковив-9» құрылғысы. Бұрынғы аппараттарға қарағанда тез, әрі ыңғайлы. Бұрын рентгенге түскенде оны пленкаға шығарып, 2-3 күн әуре болатынбыз. Ал мына аппаратта түскен сурет бірден компьютерге жіберіліп, өзі автомматты түрде өңделіп шығарылады. Жаңа қондырғының диагностикалық мүмкіндіктері жоғары, дәл әрі сапасы өте жақсы.

Құрылғыны алуға емхана 30 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Республикалық бюджет есебінен алынған тағы бір қондырғы- амблиакор деп аталады. Мұны да емхана 1 айдан астам уақыт қолданып келеді. Күніне оның көмегіне 20-ға жуық балғын жүгінетін көрінеді. Бір өкініштісі, бүгіндері емханада көзінде ақауы бар 700-ден астам балғын тіркелген. Ал жаңадан алынған аппарат балалардың жанарын түзеуге септеспек.

Наталья Волкова- қалалық балалар емханасының офтальмолог- дәрігері

– Бұл аппарат миопия, гиперметропия кезінде емдеуге септеседі. Яғни, көздің өткірлігін қалыпқа келтіреді. Емделуші келіп отарады. Кейін электроинсафанаграмма жазылады. Аутатренинг, жүргізіледі. Ол көз өткірлігін қалыпқа келтіреді.

Құралдың құны- 10 млн теңге. Бір сеанс 15 минутқа жалғасады. Ол аралықта балғындар мультфильмдер қарайды. 15-20 күн ішінде көру жүйесі 30-40 пайызға жақсарады. Бүгіндері емдеу мекемесінде 15 жасқа дейінгі 25 мыңнан астам балғын есепте тұр.

Магжан Ахмадина.