Құқық қорғау органдары

Өңірімізде «Мен және менің полицейім» акциясы өтті

Инспектор дорожно-патрульной полиции показывает оснащение своего авто

– Қоғамдық тәртіп пен жолда жүру ережелерінің сақтауын қадағалау біздің міндетіміз болып табылады. Егер қалада бір құқықбұзушылық орын ала қалған жағдайда біз сол жерге барамыз. Оқиғаның мән жайын анықтаймыз.

“Мен және менің полицейім” акциясы аясындағы осындай кездесулердің бірі петропавлдағы жалпы білім беретін лицейде өтті. Оқушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнамалар түсіндірілді. Кейін балалар ювеналдық полиция өкілдеріне өз сауалдарын жолдады.

Сауле Сатыбаева – Петропавл қаласы ІІБ 1-ші полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

– Акция барысында біз қала мектептерін аралап, оқушылармен кездесу өткіздік. Оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндірдік. Қылмыстық және әкімшілік заңнамаларды да айтып өттік. Балалар тарапынан да көптеген сауалдар туындап жатты.

Жыл басынан бері петропавлдағы ювеналдық полиция қызметкерлерімен түнгі уақытта көше кезіп жүрген 562 кәмелеттік жасқа толмаған солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Тағы алкогольдік ішімдік ішкен 17 жасөспірім де солардың кебін киген. Жалпы осындай кездесулерді тәртіп сақшылары жылына 2-3 рет ұйымдастырып отырады. Нәтиже де жоқ емес.

Магжан Ахмадина.