Аптадағы маңызды жаңалықтар

Дуалдық білім өндірісті өркендетеді

Александр Мерк – Гуманитарлық- техникалық колледж директоры

– Мұнаймаш зауыты қзіргі таңда соңғы үлгідегі қондырғылармен 100 пайыз толлықты. Ал колледж қабырғасында оқып жатқан оқулықтарда құрылғылардың сипаттамалары жоқ. Жастар осында оқиды да өндіріс орнында осы аппараттармен жұмыс жасайды. Бұл олардың біліктіліктерін шыңдауға септеседі.

Бағдарлап оқыту кабинетімен танысқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын берді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Мұның барлығы негізінен Елбасының тапсырмасына сәйкес орындалып жатқан шаралар. Мұнаймаш зауыты өңіріміздегі алдыңғы қатарлы ірі кәсіпорындардың бірі. Сондықтан мен сіздердің әріптестік орнатып, осындай істі жүзеге асырып жатқандарыңызға қуаныштымын. Болашақта жақсы нәтиже болатынына сенім білдіремін.

Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Петропавл құрылыс – экономикалық колледжінде болып, нысанның материалдық – техникалық базасымен танысты. Бұл білім ошағы да дуалдық оқыту жүйесі енгізілуде. Студенттер алған білімдерін 10 арнайы шеберханада шыңдай түседі. Облыс әкімі тас қалаушы, сылақшы, дәнекерлеуші сынды мамандарды дайындауға арналған шеберханаларда болды.

Николай Ухов – Петропавл құрылыс-экономикалық коледжінің директоры

– Біз оқу технологиясын әркез өзгертіп отырамыз. Яғни жастар алған білімдерін тәжірбимен толықтыра түседі. Алайда сертификаттауға қатысты мәселе туындап тұр.

Бүгінгі күні колледжде дуалды оқытуға қатысты экперементалды топ құрылған. Қазір 90 студент газэлектр дәнекерлеуші мамандығын игеріп жатыр. Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде болды. Білім ошағы биылғы жылы 40 миллион теңгеге ауыл шаруашылығы саласына қажетті түрлі техникаларды сатып алыпты. Осының арқасында машина-техника паркі едәуір жаңарған. Сондай-ақ колледж 10 миллион теңгеге электр мамандарын дайындауға екі зертхана сыныбын ашқан. Айта кету керек жалпы қазір аталмыш білім ошағында 1000-нан аса студентті 16 мамандық бойынша даярлайды. Олардың білікті маман болып шығуларында мұнда барлық жағдай қарастырылған.

Нұрқан Төлеутай – СҚКПК студенті

– Мен өзім электр мамандықты қамтамасыз ету мамандығын таңдадым. Ауруханаларға, зауыттарға осы маман тапшы. Осы мамандлықты таңдағаным көп жетістікке жеткім келеді.

Техникамен технология дамыған заманда аталмыш білім ошағының кіре берісінде облысымыздағы 9 колледж ұжымы өз қондырғыларын көрермен назарына ұсынды. Соңғы үлгідегі бұл құрылғылар жастардың толыққанды білім алуларына мүмкіндік беріп отыр.

Анатолий Фурманюк – Петропавл машина жасау коледжінің директоры

– Облыс орталығындағы зауыттарда еңбек етіп жүрген мамандардың басым бөлігін біздің колледж даярлайды. Бүгінгі күні білім ошағында 250 -ден астам студент білім алып жатыр. Қазір Петропавл ауыр машина жасау зауыты мен тығыз қарым- қатынастамыз.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облсының әкімі

– Петропавл ауыр машина жасау зауыты бүгінгі күні үлкен тапсырыстарды орындауда. Сондықтан нақ сол салаға қажетті білікті мамандарды дайындау баршамыздың ортақ міндетіміз болуы шарт.

Бұдан соң Солтүстік Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалдық оқытуды енгізуге қатысты өңірлік кеңестің отырысы өтті. Жиынды облыс әкімі Ерік Сұлтанов ашты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында жұмысшы мамандарды даярлау жүйесіне баса назар аударды. Бұл ретте дуалдық оқытудың алар орны ерекше. Өйткені осының арқасында болашақ мамандар теорияны тәжірбие жүзінде шыңдайды.

Үкімет қаулысына байланысты, Солтүстік Қазақстанда дуалдық оқыту жүйесінің жол картасы әзірленген. Аталмыш картаға өңірдің 12 колледжі еніп отыр. Соңғы үш жылда кәсіптік-техникалық білім беру саласына бөлінген қаржы 1,5 есеге өскен екен. Айта кету керек студенттерді дуалды оқыту жүйесімен қамту бойынша біздің өңір республикада екінші орында.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы

– Аталған картаға бүгінгі күні 12 колледж енді. Бұл 44 пайызды құрап отыр. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 процентке жеткізуіміз керек. Біз сонда ғана еңбек нарығына лайықты мамандарды дайындап шығарамыз.

Жиынға Ресей Федерациясынан да мамандар қатысты. Олар дуалды оқыту жүйесін болашақта өздерінде енгізу мәселесін қарастырып отыр.

Лариса Плещева – Шадринск политехникалық колледжі директорының орынбасары, Қорған облысы, РФ

– Біздің колледжде 1500- ге жуық студент білім алады. Алайда бізде дуалдық оқыту жүйесі енгізілмеген. Бұл білікті кадрларды дайындауда тапсырмас жоба екеніне көзіміз жетіп отыр.

Жиын соңында облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, және «Республикалық ғылыми- әдістемелік орталығы» АҚ дуалдық оқытуға қатысты әріптестік келісімге қол қойды.

Джакупов Самат.