Қоғам

Үстіміздегі жылы 678 өрт оқиғасы орын алып, 44 жерлесіміз мерт болды

Евгений Журавлев – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы

– Өрттен ағалы-қарындасты бала қаза тапты. Осындай оқиға былтырғы жылы да орын алған еді. Сондықтан балаларды үйде қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ обыс аударындағы жағдай да көңіл көншітерлік емес. Айталық, Ақжар мен Ғабит Мүсірепов ауданында орналасқан үйлерде – өрт баспана иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан туындаған.

Облыста соңғы кездері қайғылы оқиғалардың жиіліп кетуіне байланысты, құтқарушылар қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын ескертеді. Әсіресе, газ болонын орнату кезінде абай болған жөн.

Евгений Журавлев – ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы

– Егер де үйдің ішінде газдың иісін сезсеңіздер, газ балонын тексеру үшін сіріңке мен электр құрылғыларын, жарықты қоспағандарыңыз жөн. Мұндай жағдай орын алса, дереу бірден баспанадағы адамдарды сыртқа шығарып, дереу апаттық құтқару қызметі мамандарын шақырқан абзал.

Сондай-ақ жақында қаладағы астық қабылдау элеваторы “ТНС-Экспорт” ЖШС-де технологиялық үрдістің бұзылуынан астық кептіру орнында өрт шықты. Жалпы құтқарушылар газ боллонын орнату мен пеш жағу кезінде аса сақ болу басты қағиданың бірі деп отыр. “Сақтансаң, сақтармын”, -деген сөз бекерге айтылмаса керек.

 

Бакыт Садуакасов.