Спорт

Теріскейде ауыр атлетика спортынан облыс біріншілігі өтті

Сағындық Қылышпаев – Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп-интернатының ауыр атлетшісі

– Мен жарысқа алғаш рет қатыстым. Өзім ауыр атлетикамен 1 жұма ғана айналысамын. Маған бұл спорт түрі өте ұнайды. Болашақта Қазақстан Республикасының чемпионы болғым келеді.

Ауыр атлетика спорты бойынша облыс біріншілігінде Жамбыл, Есіл, Тайынша, Шал ақын, Аққайың және Ақжар аудандарынан келген 77 спортшы бақтарын сынады. Бұл жарыста 99 жылы туылған және одан кіші жастағы балалар, 30-77 келі салмақ бойынша өнер көрсетті.

Эрик Әлібаев – ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы

– Мен биылғы жылы өңіріміздің аудандарынан 13 баланы жинадым. Қазіргі уақытытта біздің спорт-интернатында, ауыр атлетикадан 1 бапкер ғана жұмыс атқарып жүр. Бірақ, осы қызметке тағы да жаттықтырушыларды жұмылдырудамыз. Болашақта, елімзідң намысын қорғайтын нағыз ауыр атлетшілерді дайындауға бар күшімді саламын.

ТКС: Сайыстың қорытындысы бойынша, 13 жасар Азат Евдеев, Михаил Фадеев пен Ринат Баударбеков 56-77 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Енді, жеңіске жеткен зілтеміршілер, қараша айының 30-шы жұлдызында Қызылорда қаласында өтетін, ауыр атлетика спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогіне жүлдеме алды.

Сагыныш Маркашева.