Мәдениет

Теріскей халқы балет кешінің куәсі болды

Гүлфида Ғафурова – ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстрі

– Бұл қалаға ат басын бұрудың біз үшін маңызы зор. Қызылжарлықтардың назарына түрлі бағдарламалар ұсынбақпыз. Бүгін көрермендер «Мефистофель» қойылымынан басқа, «Кармен сюита», француз балетін тамашалауға мүмкіндік алады. Жалпы ұжымның дені жастар, бұл осымен әртістердің алтыншы буыны. Өкінішке орай Болат Аюханов келе алмады. Алайда Петропавл жұртшылығына өзінің ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді.

Өнер ұжымы сахна шымылдығын үстіміздегі жылдың 26 қазанында Алматы қаласында тұсауы кесілген неміс ақыны Гетеның «Мефистофель» трагедиясы бойынша дайындалған премьералық спектакльды ұсынды. Бұл туынды өмірге тек түңілумен қарайтын Фауст жайында. Жан-жағындағының барлығына қарғап, өзіне-өзі қол салғысы келетін жан Құдаймен соғысатын Мефистофель әлеміне келеді. Ол өзінің жанын әлемдік ғанибетке ұшыру үшін Мефистофельге сатады. Сол сәттен бастап шайтан оған өз әлеміндегі барлық шаттық пен қызықты сыйлайды. Ал бұл ғажап туындының хареографиясын театр жетекшісі Болат Аюханов қойған. Басты рөлді, яғни Мефистофельді Халықаралық байқаулардың лауреаты Диар Акенов сомдады.

Диар Акенов – ҚР Мемлекеттік Академиляық би театрының әртісі

– Біз Петропавлға алғашқы рет келіп отрыған жоқпыз. Теріскейлік халық бізге жақын. Сахнада бар күшіңді салып билеп шаршаған кезде халық шапалақ ұрғанда тағы шабыттанасың. Бүгінде олар біздің өнерімізге зор ықыласын білдірді.

Сондай-ақ бұл күні театр ұжымы солтүстікқазақстан жұртшылығына «Шыңғысханның құмарлығы», «Король Людовик 16-ың француз балеті» мен «Кармен Сюита» балеттерін ұсынды.

Ал қалған екі күнде алматылық өнерпаздар Петропавлда «Лебединое озеро», «Жизель» және «Соло Маргариты» қойылымдарын қояды. Бүгінгі балет теріскейліктердің көңілінен шығыпты.

–  Қойылымдар өте қызық. Тартымды, менің көңілімнен шықты.

–  Маған балет ұнады. Кезінде өзімде билегем. Аюхановтың хареографиясы тамаша.

–  Бүгінгі балет тамаша. Сахнадағы бишілер керемет билейді.

Риат Шони.