Мәдениет

“Қара шекпен” спетаклінің тұсаукесері

Асылхан Разиев – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының актері

– Біз бұл спекталь арқылы, жануарлардың образдары арқылы адамның шынайы бет пердесін ашып көрсетуге ниеттендік. Бұл спектакльде, бұл рольды алып шығу маған өте қиынға соқты. Себебі бұл спектакль драма. Мен өзім осы театрға келгелі көбінесе камедияға жақын болатынмын. Сондықтан драманы ойнау маған ауыр тиді. Ауырлау болды былай айтқанда.

Қойылым Режиссерінің айтуынша ерекше жанрдағы туындының дайындығына театр 2 айға жуық уақытын жұмсаған. Осы уақытқа дейін спектакльдің режиссері – Қазақстанның мәдениет қайраткері Батырбек Шамбетов 13 спектакль қойып үлгерген. Бұл оның 14-інші қойылымы.

Батырбек Шамбетов – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының бас режиссері.

– Бұл спектальді 10 кісі ойнайды. 10 персонаж. Қара шекпен деген не деген сұраққа тоқталсақ. Қара шекпен ол біздің ішкі дүниемізді жасырып тұратын символ. Яғни біздің өзіміздің денеміз. Хайуаннан айырмалап тұратын киіміміз. Міне осы тақырыпты біз көрерменге біздің қоғамымыздың жарасы осы жерде деп көрсеткіміз келді.

2 сағатқа созылған спектальде басты рольдерді Асылхан Разиев, Дулат Ташкен, Гүлдана Асқарова сынды есімі енді танылып келе жатқан жас актерлер сомдап, жұртшылық қошеметіне бөленді. Театрдың тұрақты-көрермендері қойылымның режиссеріне, әртістерге өз бағаларын беріп, ризашылықтарын білдіріп жатты. Соның бірі Алима Кабденова.

Алима Кабденова – көрермен

– Бүгінгі мінекей театр ұжымының қойған қойылымы өте сәтті шықты деп ойлаймын. Театр ұжымына сәттілік тілейміз. Әрқашанда сахнадағы қадамдары сәтті, жемісті болсын, жеңісті болсын дейміз. Жалпы ұжымның бүгінгі қойылымы керемет өтті. Тек қана жақсылық тілейміз. Сахнадағы қанаттары ешқашан талмасын.

Алдағы уақытта театр Рей Кунидің “13” атты комедиясының тұсауын кеспек. Одан кейінгі жоспарлары Тараз қаласында өтетін театр фестиваліне Олжас Жанайдаровтың «Бір, екі, үш» замануи драмасын сахналап қайту.

 

Акбопе Танирбергенова.