Спорт

Облыс орталығында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен жарыс өтті

Павел Бондарь – палуан, Украина

– Осы жарысқа алдын ала дайындалып, біраз жаттыққан болатынмын. Тәжірибем де жеткілікті. Мен қазақстандық палуандардың шымыр екендігін естігенмін.

Ал мына жерде Түмен қаласының палуаны мен біздің өңірдің спортшысы белдесуде. Ресейлік палуанның тәжірибесі мол екендігін аңғармау мүмкін емес. Алғашқы сәттен-ақ қарсыласына бірнеше тәсілдерді орындап, ұпай санын еселеп алды. Осылайша, Данила 8:3 ұпайымен жеңімпаз атанды.

Данила Клеценко – палуан, Түмен қаласы

– Жаңағы қарсылас спортшы мықтылығын көрсетті. Бірақ та тартыс кезінде мен оның осал тұстарын байқап, өз пайдама жаратып отырдым. Бұл әлі бірінші кездесуім. Енді алдағы белдесулерді сәтті аяқтауым қажет.

Уәлихан Нүркеевті еске алуға арналған халықаралық турнирге барлығы еліміз бен шет елдерден 19 команда қатысты. Шамамен алғанда 230-ға тарта палуан.

Ғалым Өркешов – облыстық балалар мен жасөспірімдер спорттық күрес мектебінің директоры

– Бұл біздің Уәлиханға деген өзіміздің сыйымыз. Оған арналған достық парызымыз деп есептеймін. Ол спортқа соның ішінде күрестің дамуына зор үлесін қосты.

Грек рим күресінен жасөпірімдер арасында ұйымдастырылған турнирінде жүлделі орынға қол жеткізген палуандар диплом және медалЬмен марапатталды.

 

Бакыт Садуакасов.